Created: 13 Қантар 2022
14

Айдана Боранова, Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжінің директоры, техника және менеджмент ғылымдарының магистрі

Айдана БОРАНОВА,

Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжінің директоры, техника және менеджмент ғылымдарының магистрі:

– Еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан ішкі істер, әскерилер саласындағы азаматтарымыз бен бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

«Қара бет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлгенім артық!» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, өр рухты қазақ халқының өзіндей өткір Отан үшін жанын қиған ұрпағы қаншама. Кенеттен қайғы арқалаған отбасылар мен әулеттердің баршасына қайғырып көңіл айтамыз.

Төрткүл дүниені елең еткізген елміздегі оқиғалар бірқалыпты орнына келіп жатыр. Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметшілер, полиция өкілдері, ҰҚК қызметкерлер, медицина мамандары, өрт сөндірушілер күні-түні қызмет атқарды. Кейбірі оққа ұшырады.

Қиын күндерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған батыл да шұғыл шешімдерінің арқасында қауіп бұлты сейілді. Осындай сәтте бізде Мемлекет басшысына қолдау көрсетіп, бірлігімізді таныта білуіміз керек. Елдегі бүлікті ұйымдастырушылар табылар, бірақ қаза болған боздақ, өшкен үміттің орнын ешкім толтыра алмас. Марқұм болғандардың отбасыларына, жақын-жуықтарына, жалпы Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтамыз.
#казиитугазеті #мемлекетбасшысыныңмәлімдемесі @tokayev_online @aidana271089 @digital_college @bilim_jane_gylym @aqparatqogam @bqo_bilim_basqarmasy.2020 @oral_bilim @bqobilim @oraljastary_live @oraljastary @uralskakimat