Created: 22 Желтоқсан 2021
26

Отан орденімен, "Зенит" Орал зауыты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына , халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Аталған азаматтардың арасында біздің де жерлестеріміз аз емес.

🔹Атап айтар болсақ, белгілі ақын А.Бақтыгереева "Отан орденімен, "Зенит" Орал зауыты " АҚ бас директоры В.Валиев1 дәрежелі " Барыс" орденімен, облыстық "Ақжайық " телеарнасының директоры А.Губашев " Құрмет " орденімен, " Х.Бөкеева " атындағы облыстық қазақ драма театрының артисті Н.Жұбатова " Парасат" орденімен және Т.Сапаров "Құрмет орденімен марапатталды.

🔹Елге оралған осынау азаматтарды колледжіміздің белсенділері мен өңір басшысы зор құрметпен қарсы алып, ілтипат көрсетті.

🔹Облыс әкімі Ғали Есқалиев марапат иелерін құттықтап, атқарып отырған еңбектері үшін алғыс білдірді.