Created: 04 Маусым 2021
111

«Тарихтан туған рәміздер»

«Тарихтан туған рәміздер»

2021 жылдың 3 маусымы күні Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Тарихтан туған рәміздер» атты онлайн шара өткізілді. Колледждің және студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жоспарына сай өткен шараның мақсаты мемлекеттік рәміздеріміздің шығу тарихы мен оны құрмет тұтуды кеңінен жастарға насихаттау, елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлттық символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру.

Мерекелік шарада колледж директоры А.Т.Буранова алғы сөз сөйлеп, шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің құндылығына тоқталды. Шара барысында колледждің «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенті Ыдырыс Алмагүл мемлекеттік рәміздер туралы баяндаса, «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенті Сейітов Досхан мен «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті Мамедова Виктория өлең оқыды және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс студенті Хамидуллаева Нұрлыгүл домбырада күй орындады. Шара «Тарих тағылымы» тақырыбындағы викториналық сұрақтармен аяқталды.