Created: 28 Мамыр 2021
89

Жемқорлық індет – күресу міндет

Ағымдағы оқу жылының 26 мамырында Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінде ақпараттық – техникалық пәндер бірлестігі және студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сай «Жемқорлық індет – күресу міндет» тақырыбында графикалық суреттер байқауы өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды танымал ету, сақтау және нығайту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселесіне жастардың назарын аудару мақсатында өткізілген байқауға колледждің 1-3 курс студенттері қатысты.

Әділқазылар алқасы әр суреттің айтар ойын, көтерген тақырыбын таразылап, жүлдегерлер туралы шешім шығарды. Байқау қорытындысы бойынша «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті Бисекенова Айдана 1 орын, «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті Амангельдиева Шұғыла 2 орын, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс студенті Исламгалиев Нурлан 3 орын иегері атанды. Жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.