ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР,СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОЛЛЕДЖ ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ, АРХИТЕКТУРЫ И ПРАВА

 
 
Қымбатты талапкер!
 
Талаптың тұлпарына мініп, қас қияға самғайтын уақыттың келіп жеткенін түсінген шағыңызда біздің оқу орнымызға келгеніңізге аса қуаныштымын!Осынау сан қилы жолдардан тұратын, өз болашағыңызды өзіңіз қалайтын шақта әлемдік стандарттарға бет түзейтін, білім мен тәрбиені биік қоятын Халықаралы Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжін таңдағаныңызға еш өкінбейсіз.
Біздің оқу орнымыз жаңа білім жүйесіне негізделген қоғамдағы интегратор рөліне ие болып, зияткерлік потенциалды жаңғырту орталығына айналып отыр.Халықаралық Цифрлық колледж – бұл аса жоғары деңгейдегі бағдарламашылар, жүйрік заңгерлер, байланысшылар мен мәңгілік қажет кәсіп-құрылысшыларды дайындайды. Бұл кәсіби шеберлігімен және әр іске деген жауапкершілікпен қарайтын, осы арқылы ғылым ордасының беделін арттыратын  мыңнан астам түлектің түлеп ұшқан ұясы. Сондай-ақ, біз қазіргі студенттерімізді де мақтан тұтамыз. Білім ордасы заман талабына сай жабдықталған, академиялық ұтқырлық,қос диплом секілді бағдарламалармен жұмыс жасау арқылы кәсіби шеберлігімізді арттырамыз.Колледж ұжымы әрдайым жас ұрпақты тәрбиелеудегі игілікті істі бар ынтамен орындайды, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүреді, жастарға еңбекке және таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілік сезімін ұялатуға тырысады. Осы орайда, біздің студенттер мықты энергиясымен, белсенді өмірлік ұстанымымен, өзін дамытудағы ұмтылысымен ерекшеленеді.
Колледждің көптеген жетістіктері – біздің ортақ еңбегіміз!
Алдағы уақытта сіздер колледждің дамуына лайықты үлес қосып, білім мен кәсіби шеберлікпен және ғылым мен білімнің түрлі салаларындағы жетістіктермен оның беделін арттыратындарыңызға сенім білдіремін.Қош келдіңіз!
 
Аса құрметпен,
Халықаралық Цифрлық Технологиялар,Сәулет және Құқық колледжінің директоры
Техника және менеджмент ғылымдарының магистры
Буранова Айдана Табылдиевна
 
 
 


Өңір жаңалықтары

Created: 15 Қараша 2021

😍Digital_college

Created: 15 Қараша 2021

Халықаралық Цифрлық Технологиялар Сәулет және Құқық колледжінің ГИ- 42 топ студенті Туякбаев Қаламгер Ерланұлы облысымызда өткен WorldSkills жарысына Графикалық дизайн бағыты бойынша қатысып жүйріктер арасынан озып шығып жүлдері бірінші орын алды

Created: 15 Қараша 2021

Тікелей эфир

Created: 15 Қараша 2021

Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінде 12 қараша күні «Жемқорлыққа қарсы күрес - әр азаматтың міндеті» тақырыбында кездесу өтті

Created: 15 Қараша 2021

Колледж психологы Жаслина Аскаровна ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру мен қарым-қатынасының белсенді стилін орнықтыру мақсатында тренинг өткізді

Фоторепортаж